Азия авто зауыты уикипедия
Алға адымдаған «Азия-Авто»
Алға адымдаған «Азия-Авто»
Жұма, 5 сәуір 2013 2:46
Өткен жыл еліміздегі автомобиль өндірісінің тұңғышы – «Азия-Авто» акционерлік қоғамы үшін жемісті жыл болды. Жыл көлемінде 16513 қазақстандық үлгідегі жеңіл көліктердің 19 түрі шығарылды. Оның ішінде 14998 көлік иелерін тапты. Өскемендегі көлік зауыты өнім өндіруді бірнеше есе арттырды. Бұл табыстың өздігінен келмегені белгілі.
Жұма, 5 сәуір 2013 2:46
Өткен жыл еліміздегі автомобиль өндірісінің тұңғышы – «Азия-Авто» акционерлік қоғамы үшін жемісті жыл болды. Жыл көлемінде 16513 қазақстандық үлгідегі жеңіл көліктердің 19 түрі шығарылды. Оның ішінде 14998 көлік иелерін тапты. Өскемендегі көлік зауыты өнім өндіруді бірнеше есе арттырды. Бұл табыстың өздігінен келмегені белгілі.
Ал биылғы жыл былтырғыдан да табысты болатын түрі бар. Жақында зауытта «KIA Cerato-2014» седан көлігі шығарыла бастады. Қазақстандық зауыт бұл көлікті жасауды қолға алған алғашқы кәсіпорын. Аталмыш седан кореялық компанияның ең табысты әрі белгілі үлгісі саналады. Әлем бойынша бұл көліктің 2,5 миллионы тіркелген. Айта кету керек, көліктің бұл түрін зауыт 2010 жылдан бастап шығарып жатыр. Үш жылда жаңа көлік елімізде ең көп сатылатын тұлпардың ішінде үштікке кіріп үлгерген.
Ең басты мәселе – сапа. Сапалы көлік шығару үшін ізденіс пен ілкімділік керек. Біз құрастырушы мамандардың біліктілігін арттыруға назар аударамыз. Мамандар шетелдерде білімдерін жетілдіреді. Бір ай бұрын көліктің тағы бір жаңа түрі – «KIA SIТ» хечбекті өндірісте құрастыра бастадық. Оған сұраныс көп. Ал бір апта бұрын көліктің жаңа эксклюзивті түрі – ауқатты адамдар тұтынатын «KIA KUORIS» көлігі өмірге жолдама алды. Оның бағасы 70-85 мың АҚШ доллары көлемінде. Ал шетелдерде ол отыз пайыз қымбатырақ. Үстіміздегі үш айда ғана біздің зауыттан 6685 көлік шығарылды. Екі айда көліктердің 3249-ы сатылып кетті. Сенесіз бе, ел экономикасының қарыштап алға басуынан болар, Өскеменде құрастырылатын көліктерге сұраныс күшейіп барады, тіпті қажет көліктерін сатып алуға жарты жылға дейін кезекке тұратындар кездеседі. Демек, көлік сапасы автоәуесқойлар көңілінен шықты деуге негіз бар. Жыл аяғына дейін былтырғы көрсеткіштен асып түсуге мүмкіндік толық, дейді «Азия-Авто» АҚ президенті Ержан Мандиев.
Осыдан бір жыл бұрын Ресейдегі алып кәсіпорын «АвтоВАЗ» компаниясы Үкімет басшыларының араласуымен өскемендік «Азия-Авто» зауытымен келісімге келіп, бірлесіп көліктердің жаңа түрін шығару, экономикалық қарым-қатынас орнату жөнінде меморандумға қол қойған. Келешекте көлікке қажет қосалқы бөлшектерді құрастыру, шанақтарын жасау жергілікті жерде жүзеге аспақ. Облыстық әкімдік жаңа зауыт құрылысына мыңдаған гектар жер телімін берді. Отандық өндіріс дамыған жерде ел экономикасы да қарыштап алға баса бермек.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.
Суретте: «Азия-Автода» шығарылған жаңа көлік.
Суретті түсірген автор.
Азия авто зауыты уикипедия
Шығыс Қазақстан облысында машина жасау кешені аймақтағы жылдам дамып жатқан кешендердің бірі болып табылады. Бұл салада 158 кәсіпорын, оның ішінде 12 ірі, 9 орта және 137 шағын кәсіпорындар жұмыс істейді.
Кәсіпорындардың барлық түрлерінің өнеркәсіптік өндіріс құрылымының ең үлкен меншікті үлесін ірі және орта кәсіпорындар алады, олардың машина жасау көлеміндегі үлесі 80%-дан асады.
«Азия Авто» АҚ, «Казцинкмаш» ЖШС, «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ, «Востокмашзавод» АҚ, «Өскемен конденсаторлық зауыты» ЖШС, «КЭМОНТ» АҚ, «Семмашзавод» АҚ, «Семей инжиниринг» АҚ, «Гидросталь» ЖШС, «Казэлектромаш» ЖШС, «СемАз» ЖШС, «Машзавод» ЖШС және басқалары жетекші кәсіпорындар болып табылады.
Машина жасау кәсіпорындары мұнайкәсіпшілік, тау-кен – шахталық және металлургия жабдықтары, жеңіл және жүк автомобилдері, автобустар, дөңгелекті тракторлар, конденсаторлар және басқа электротехникалық өнім, барлық мүмкін түрленімді сорғылар, кәбіл және басқа өнім шығарумен айналысады.
«БИПЭК АВТО-Азия Авто» компаниялар тобына кіретін «АЗИЯ АВТО» АҚ аймақтың және Қазақстандағы ең ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі болып табылады.
«Азия Авто Қазақстан» АҚ 4 мың жұмыс орындарын құратын «Өскемен қаласында толық циклді автозауыт пен автоқұраушылар өндіру технопаркін салу» жобасын жүзеге асырады.
«СемАз» ЖШС
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі автотехника мен ауылшаруашылық техника жинастыру болып табылады.
Қазіргі уақытта кәсіпорында «Белорус» тракторының тоғыз үлгісін, «Shacman», «Урал», «Foton», «Газель», «FAW» жүк автомобилдерін жинастыруды игерді және сериялық шығаруды реттеді.
Өнімнің негізгі өткізу нарығы – Қазақстан Республикасының аймақтары.
2009-2016 жж. кезеңі ішінде «Беларус» тракторының және 2234 жүк автомобилдерінің 8066 бірлігін шығарды.
«Өскемен арматуралық зауыты» АҚ
Кәсіпорын Қазақстан Республикасындағы құбырлар жүйесі үшін құбырлы ілмекті арматураның ең ірі өндірушісі, және көлемі бойынша ТМД-да үшінші өндірушісі болып табылады.
Зауыттың өнімдері шибер және сыналы ысырмалары, шарлы крандар, кері және дискілі ысырмалар, кері клапандар және басқалары Қазақстан Республикасынан тыс жақсы танымал: Ресейде, ТМД мемлекеттерінде, сондай-ақ алыс шетелде.
Ағымдағы жылы хром жабынының сапасын кеңейту және арттыру мақсатында гальваника телімін жаңғырту жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар зауытта шығарылатын өнімнің номенклатурасын кеңейту жоспарланып жатыр.
«Өскемен конденсаторлық зауыты» ЖШС
Кәсіпорындар конденсаторлар мен конденсаторлық қондырғылар шығарады. Соңғы бірнеше жыл ішінде кәсіпорын өндірісті жаңғыртып, қазіргі уақытта өнімді шығару үшін озың әлем брендтерінің жабдықтарын пайдаланады: «AMADA», «HILTON», «Synthesis» және басқалары. 2017 жылы электротехникалық өнімнің 8 жаңа түрін өндіруді игеру жоспарланып жатыр.
Кәсіпорынның өнімі ішкі нарыққа, ЕАЖО елдеріне, ТМД, Франция, Венгрия және басқа шетел елдеріне жеткізіледі.
«КЭМОНТ» АҚ
Орта және төмен кернеулі электротехникалық жабдықты жобалау және дайындау саласында 60-жылдық жұмыс тәжірибесі бар электротехникалық машина жасайтын жедел дамитын озық кәсіпорын.
«КЭМОНТ» АҚ елеулі өндірістік базасы бар, оның құрамында дайындаушы, бояу және жинастыру цехтары, технологиялық желілер, SIEMENS, ALSTOM (AREVA) және басқа озық фирмалардың бағдарламалық-сандық басқарылатын заманауи станокты жабдығы бар.
«КЭМОНТ» АҚ шығаратын электротехникалық жабдық өнеркәсіптің әртүрлі салаларында: металлургиялық, атомдық, химиялық, тау-кен өндіруші, мұнай және газ, өнеркәсіптік энергетика және энергожүйелер объектілерінде, ауыл шаруашылығында және тұрғын үй құрылысында, әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық тағайындалған объектілерінде қолданылады.
45 мыңнан астам қазақстандық «АЗИЯ АВТО» ұжымының ҚР Президентіне өтінішін қолдады
«БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» холдингінің еңбек ұжымы Өскеменнің «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауытының жұмысын тоқтатуға жол бермеу туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарласты. Кәсіпорынның жұмысшыларын қолдап, ресми петицияға 45 мыңнан астам қазақстандық қол қойды.
2020 жылдың 19-26 тамызы аралығындағы кезеңде Қазақстанның 45 959 азаматы республикамыздың ең ірі автомобиль холдингі ұжымының мемлекет Басшысының атына жолдаған өтініштеріне өз қолдарын қойды. «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» жұмысшылары Президенттен Өскеменнің автоқұрастыру зауытының конвейерін тоқтатуға және компанияның қызметін тоқтатуға жол бермеуді сұрайды. Ағымдағы жылғы сәуірде ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі бастаған өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзу дәл осындай зардаптарға әкеледі.
Вера Николаевна Сухорукова
«АЗИЯ АВТО» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
ҚР Парламенті Мәжілісінің ІІІ шақырылымының депутаты
Өскемен қаласының әкімі (1999-2003):
Президентке хабарласу – мәжбүрлі қадам. Холдингтің 28 жылғы тарихында ұжым алғашқы рет мемлекет Басшысынан профильдік министрлікпен өзара қарым-қатынасқа араласуды сұрап отыр. Өкінішке орай, біз жағдайды шешудің барлық басқа
құралдарын тауыстық. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің өкілдері бізбен диалогтан іс жүзінде бас тартып отыр. Сот органдарында да әділ шешімдерге қол жеткізе алмай отырмыз. Министрліктің әрекеті бүгінгі күні «АЗИЯ АВТО» жұмысына тосқауыл қойып отыр, зауыттың конвейерін тоқтатуға мәжбүрлейтін жасанды бюрократтық кедергілер жасауда.
Біз компанияның ұжымына қолдау көрсеткен қазақстандықтардың әрқайсына алғыс білдіреміз және Президентіміз саланың ең ірі кәсіпорынының күйреуіне жол бермейді деп есептейміз.
Юрий Петрович Швайченко
«АЗИЯ АВТО» зауытын құрудың бастауында тұрған
1997-2005 жж. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:
«АЗИЯ АВТО» – қазақстандық өнеркәсіптің ең табысты брендтерінің бірі. Бұл салақұраушы кәсіпорын кеңестік мұраны жекешелендіру есебінен немесе шикізат байлықтарын пайдалану есебінен құрылған жоқ. Өскеменнің автоөндірісі кәсіби ұжымның күшімен құрылған. Бұл ұжым қысқа мерзімде ең ірі әлемдік автоконцерндердің сенімді серіктестерінің арасында өзінің еңбек сіңірген беделін жеңіп алған. Бұл ұжым біздің елімізді әлемдік машинажасау контекстіне интегралдады және жүйелі түрде барлық қолжетімді ресурстарды өндірісті және жаңа жұмыс орындарын дамытуға инвестициялады.
Мен «АЗИЯ АВТО» жұмысшыларының Президенттің атына жолдаған өтініштеріне қосыламын. Мыңдаған басқа қазақстандықтармен бірге мемлекет Басшысы кәсіпорынның жағдайына араласуы тиіс деп есептеймін.
Ерік Ерлесұлы Сағымбаев
«АЗИЯ АВТО» АҚ бас директоры:
«АЗИЯ АВТО» – саланың ең ірі өндірушісі, салық төлеушісі, жұмыс берушісі және инвесторы. Оны сандар растайды.
Өткен 18 жыл ішінде зауыттың командасы Қазақстанның жаңа экономикасының қалыптасуы үшін көп еңбек етті. Біз осы жасампаз жұмысты жалғастыруға барлық күшімізді саламыз.
Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі қалай дамуда және келешегі қандай
Бәрі неден басталды
Отандық автомобиль өнеркәсібінің тарихы 2003 жылы алғашқы «НИВА» автокөлігі шығарылған кезден басталады. Ол кезде өндіріс көлемі бар болғаны бірнеше мың бірлікті құрады (2010 жылы ең көбі — 4 мың дана). Шығарылатын өнім желісін тек ВАЗ маркасының автомобильдері құрады. Еліміздің автомобиль нарығының негізгі бөлігі импортқа тиесілі болды.
Кәсіпорындардың нақты міндеттерімен дамудың негізгі кезеңі 2010 жылы моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы алғашқы келісімдерге қол қоюмен басталды. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, саланы дамыту жөнінде қабылданған келісімдердің тиімділігі аз болды, сатылатын отандық автомобильдердің үлесі 2016 жылы тек 26%-ды құрады. Ынталандырудың жаңа әдістері қажет болды.
Осыған байланысты Үкімет қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша преференциялар, кәдеге жарату алымын енгізу, жеңілдікпен несие беру және лизинг бағдарламасын әзірлеу, өнім экспортын қолдау шаралары секілді саланы ынталандыру шараларын қабылдады. Өнеркәсіптік кооперация бағдарламасы іске қосылды.
Саланы дамытуға «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС стратегиялық әріптесі — СМС–JAC Motors тұлғасындағы ірі трансұлттық инвестор тартылды. Осының барлығы саланы дамыту, ынталандыру бағдарламаларын енгізу бойынша жаңа тәсілдерді енгізудің арқасында мүмкін болды.
Коммерциялық техника өндірісіне келер болсақ, елімізге жаһандық ойыншылар тартыла бастады. 2005 жылы Қазақстанға келген алғашқы ірі өндіруші КамАЗ болды. Содан кейін Daewoo, Hyundai, IVECO, ANKAI және басқа да маркалар өз өндірістерін ашты.
Соның нәтижесінде, қысқа мерзім ішінде салық аударымдары есебінен бюджетті жүйелі түрде толықтыратын, іргелес салаларды есепке ала отырып, ондаған мың жұмыс орны бар тұтас сала құрылды. Автоөндірушілер саны артып, адал бәсекелестік дами бастады.
Бүгінгі таңда машина жасау — өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі.
Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жылдары (2010 жылдан бастап) елімізде шамамен 400 млрд теңге сомасына 130-дан астам жаңа машина жасау өндірісі іске қосылды. 14 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Бұл кәсіпорындар өнімнің барлық дерлік түрін шығаруды игеріп үлгерді (жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерден жоғары дәлдікті техниканы құрастыруға дейін) және мұнай-газ, металлургия және агроөнеркәсіп секілді экономиканың базалық секторларының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда автокөлік құралдарының барлық санаттарының өндірісі қолға алынған. Елімізде 167 автомобиль моделі, оның ішінде 39 жеңіл модель, 22 әлемдік бренд жиналады.
Автомобиль жасау — Қазақстанның машина жасау саласының драйвері
ҚР-ның 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасында автоөнеркәсіп басым салалар қатарында көрсетілген. Мемлекеттік бағдарламада әлемдік трендтер Қазақстанның автомобиль өнеркәсібін дамытуға ықпал ететіні, оған қоса металлургия, резеңке бұйымдарының өндірісі, шыны өндірісі, тоқыма өнеркәсібі, электр жабдықтары мен құралдары өндірісі, ҒЗТКЖ және т. б. секілді іргелес салаларды дамытуға да септігін тигізетіні айтылған.
Екі бесжылдықта автомобиль жасау Қазақстанның машина жасау саласының драйверлерінің біріне айналды. Ірі торапты құрастырудан (DKD) ұсақ торапты құрастыруға (CKD) көшу болды. Мысалы, шанақтарды дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операциялар қолға алынды.
Қазіргі таңда елімізде сатылатын автомобильдердің 60%-ы Қазақстанда шығарылған.
Автоөнеркәсіпті жергіліктендірудің орташа деңгейі 33%-ды құрайды, ал кейбір үлгілер бойынша ең жоғарғы деңгейі 50%-дан асады.
2010 жылдан бастап өндіріс көлемі 12,5 есеге өсті (2010 жылғы 4 мың бірліктен 2019 жылы 50,4 мың бірлікке дейін). Машина жасаудың жалпы көлеміндегі автоөнеркәсіп үлесі 2010 жылғы 4%-ға қарағанда 26%-ға жетті. Өнеркәсіптегі автоөнеркәсіп үлесі 1,9% құрады.
2019 жылы автомобиль өнеркәсібінде 359,5 млрд теңгеге 50 447 бірлік көлік құралы өндірілді, нақты көлем индексі (НКИ) 162,5%-ды құрады. Оның ішінде 44 077 жеңіл автомобиль өндірілді, өндіріс өсімі 46,8%-ды құрады.
Сатылымдағы қазақстандық автомобильдердің үлесі 59%-ға дейін артты (2018 жылы – 49%), ҚР-да ең көп сатылатын автомобиль брендінің 5-тен 4-і — отандық өндіріске тиесілі.
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметінше, 2019 жылы 16 332 Hyundai автомобилі (+75,7%), 14 623 бірлік Lada (+9,8%) және 5 366 Ravon автомобилі (+912%) өндірілді. Сондай-ақ бестікке Kia (3683 бірлік) және JAC (2 775 бірлік) маркалары кірді.
ҚР-да өндірілген автокөліктердің жартысы дерлік ірі автокөлік өндіруші «СарыарқаАвтоӨнеркәсіпке» тиесілі. Биыл Қостанай зауыты өндірісті екі есе ұлғайтып, жалпы сомасы 186 609 млн теңгеге 25 802 данаға дейін жеңіл автомобильдер, жүк көліктері мен автобустар шығарды.
Қазақстандық автоөнеркәсіп — экспорттық нарықтарда
Ішкі қазақстандық нарықтың шағын көлемін ескере отырып, отандық машина жасаушыларды ұзақ мерзімді жоспарлау экспорттық көлемдерді ұлғайтуды қарастыруы тиіс. Мемлекеттік органдар тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Мәселен, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобильдер өндірісін ынталандыру тетігі аясында автоөнеркәсіп кәсіпорындарын экспорттық қаржыландыру көзделген.
Маркетингтік ілгерілетумен қатар, ел ішінде дайын өнімді тасымалдауға және экспорттық нарықтарда өнімді сертификаттауға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу шаралары көрсетіледі. Бұл біздің кәсіпорындарға сыртқы нарықтарға қол жеткізуді жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Өз кезегінде, отандық кәсіпорындар кәсіпорындарда жүргізілетін технологиялық операциялардың санын арттырып, жергілікті құрауыштар мен материалдарды пайдаланып, сондай-ақ ірі сериялы өндіріске шығуы тиіс.
Сонымен қатар Қазақстанда автокомпоненттік базаны дамыту жоспарлануда.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде экспорт 2018 жылмен салыстырғанда 10 есеге артты. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2 629 автокөлік экспортталды. Автомобильдер көбінесе Ресей Федерациясы мен Өзбекстанға экспортталады. Шетелдік сатылымдардың негізгі бөлігін 2019 жылы JAC (1471), Hyundai (716) және Ravon (442) маркалары құрады. Бұл маркаларға көршілес елдерде маркалардың дистрибьюторлары тапсырыс береді.
Автомобиль өнеркәсібіндегі үрдістер
Соңғы жылдары автоөндірушілер жаңа нарықтарға қол жеткізу, өзінің өткізу желісін кеңейту, жаңа технологиялар алу мақсатында стратегиялық серіктестерді іздестіруде. Соңғы уақытта автомобиль саласын дамытудың негізгі бағыттары отынның жаңа түрлерін пайдалану, жаңа конструкциялық материалдарды қолдану, жайлылықты арттыру есебінен жанармай тұтынуды айтарлықтай төмендету; сапалық және баға белгілері бойынша да, нысаналы мақсаты бойынша да модельдік қатарларды әртараптандыру болды.
Соңғы уақытта автомобиль саласының ерекшелігі модельдік қатарларды үдемелі әртараптандыру болды.
Қазақстандық машина жасау экологиялық таза көліктің дамуымен байланысты жалпы әлемдік трендтен қалыс қалып жатқан жоқ. 2014 жылы электромобильдердің бірінші партиясы шығарылды, сондай-ақ отандық өндірістің 15 электроавтобусы қолданыста.
Автомобиль өнеркәсібін дамыту шаралары
ҚР Үкіметі саланы ынталандыру бойынша шараларды қабылдады, оның ішінде ҚҚС бойынша артықшылықтар, жеңілдікпен несиелендіру және лизинг бағдарламасын әзірлеу, өнім экспортын қолдау шаралары бар.
Кооперациялық байланыстарды дамыту үшін 2019 жылы 3 сәуірде Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында Бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды. Ол келесі жобаларда кооперацияны қарастырады.
Өнеркәсіптік кооперация бағдарламасы аясында «КАМАЗ» ЖАҚ, «АВТОВАЗ» ЖАҚ және «Хендэ Мотор Мануфактуринг Рус» ЖШҚ жүк автомобильдерінің жетекші біліктерінің басты беріліс редукторларын шығару зауытын, құю зауытын және ғылыми-зерттеу инжиниринг орталығын салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды пысықтау басталды.
Алматы қаласында «Hyundai» жеңіл автомобиль маркасын шығаратын «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС жаңа зауытының құрылысы басталды, оның қуаттылығы бірінші кезеңде жылына 30 000 бірлікті, ал екінші кезеңде 45 мың бірлікті құрайды.
СМС – JAC Motors «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС алаңында өндіріс көлемін арттыру және шығаратын автомобильдер желісін кеңейтуден басқа, автокомпоненттер өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.
Қытай серіктестерімен ынтымақтастық аясында шиналар мен двигательдер шығаратын зауытты іске қосу жоспарланған, бұл Қазақстандағы автокомпонент базасын дамытуға қуатты серпін беретін болады.
Сонымен қатар, ҚР денсаулық сақтау және инфрақұрылымдық даму министрлері Қазақстан Республикасында санитарлық көлікті жаңарту бойынша Жол картасын бекітті, бұл санитарлық көлікті лизингтік қаржыландыру тетігі есебінен жаңартуға мүмкіндік береді.
Жол картасына сәйкес, облыс әкімдіктеріндегі, республикалық маңызы бар қалалардағы денсаулық сақтау басқармалары үшін лизингтік қаржыландыру шарттары мынадай: лизинг мерзімі 5 жыл, сыйақы мөлшерлемесі отандық тауар өндірушілер үшін 7%-дан аспайды, аванс төлемі қарастырылмаған, жеңілдік ұсынылатын кезең 12 айға дейін. 2019 жылы 800 жедел жәрдем көлігіне және 2019-2020 жылдары 18 жылжымалы медициналық кешен үшін 10 млрд теңге бөлінді.
Автомобиль өндірушілерді қолдау
Автоөндірушілерге өңдеу өнеркәсібіндегі басқа кәсіпорындармен қатар арнайы инвестициялық келісімшарттар аясында салық және кедендік жеңілдіктер ұсынылады.
Бұл шаралар жеңілдікті несиелендіру бағдарламаларымен қатар автокөлік құралдарының қазақстандық экологиялық таза өндірісін дамытуды ынталандырады.
Қазақстан Республикасында экологиялық таза көлік құралдарының шығарылуына байланысты, 2018 жылдан бастап автоөндірушілер толығымен бесінші экологиялық класқа көшті, оның ішінде коммерциялық техниканы дайындауда да, электромобильдер өндірісі игерілді.
Экологиялық таза көлік құралдарын өндіруде (Евро-4 және одан жоғары экологиялық кластарға сәйкес келетін, электродвигательдері бар) және өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім аясында жергіліктендіруді кезең-кезеңмен арттыру бойынша талаптарды орындау кезінде өндірушілер өндірістік процестер бойынша шығындардың орнын толтыру түріндегі ынталандыруға ие болуға үміткер бола алады.
Автомобиль өнеркәсібінің жергіліктендірілуінің орташа деңгейі 33% құрайды, жекелеген модельдер бойынша ең жоғарғысы 50%-дан асады. Ынталандырушы дамыту шараларымен бірге жергілікті қамту үлесі мен өндіріс көлемін арттыру шығарылатын көлік құралдарының құнын төмендетуге бағытталған.
2019 жылғы қазан айынан бастап «БРК-Лизинг» АҚ арқылы Ұлттық банктің жеңілдікпен автонесиелендіру бағдарламасы іске қосылды, сол арқылы 5 жыл бойы 100 млрд теңге бөлу көзделген (жыл сайын 20 млрд теңгеден).
Бағдарлама тұрғындар арасында зор сұранысқа ие, бүгінде қаражатты екінші рет игеру жүргізілуде.
Еліміздің автобус паркін жаңарту
2019 жылдың 12 айында автобус шығару көлемі 2,5 есе өсті (1 076 бірл.).
Қосымша ынталандыру ретінде 2018 жылдан бастап қазақстандық өндіріс автобустарын лизингке өткізу бағдарламасы жұмыс істейді. Республикалық бюджеттен «БРК-Лизинг» АҚ-ына 33,5 млрд теңге бөлінді, бүгінде 1 550 бірлік автобусты жеткізуге қаржыландыру жасалды.
«БРК-Лизинг» АҚ мәліметі бойынша, 2020 жылғы қаңтар айындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тозған автобустар паркін жаңарту жөніндегі кешенді жоспар аясында 904 Yutong автобусы, 330 Ankai автобусы, 181 Daewoo автобусы, 75 Golden Dragon автобусы және 60 DongFeng автобусы өндірілу үстінде және олардың бір бөлігі жеткізіліп қойды.
Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібінің даму келешегі
Сөз соңында еліміздегі автомобиль саласының дамуы үшін перспективалардың шынымен де жоғары екенін атап өткен жөн. Өйткені отандық автомобиль жасауды дамыту мемлекеттің орташа мерзімдік және ұзақ мерзімдік жоспарлау бойынша бағдарламалық құжаттарда белгіленген мүдделеріне және басымдықтарына сай келеді.
Биыл Қазақстанда 10-нан астам жаңа автомобиль моделінің өндірісі басталады. Қысқа мерзім ішінде автомобиль өнеркәсібі өнімдерінің жалпы көлемін 100 мың автомобильге дейін жеткізу жоспарланған, оның ішінде 10-15 мыңы — Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Беларуське, Әзербайжанға және басқа да елдерге экспортталатын болады.
Алматы қаласында қуаттылығы жылына 45 мың бірлікті құрайтын «Hyundai» зауыты ашылды. Зауыт Индустриялық аймақ аумағында ашылды. Жаңа зауыт құрылысына салынған инвестициялар көлемі 25 млрд теңгені құрады. Жобалық қуаттылығы — жылына 30 000 бірлік. Екінші кезегін және шанақты дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операциялармен шығарылатын алғашқы автомобиль өндірісі 2020 жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Кәсіпорын өндірісте 700-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Қазақстан өңірлерінде дилер желісін құру шағын және орта бизнестің дамуына оң ықпалын тигізетін болады.
Осы жылдың қаңтар айының соңында ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің қатысуымен «Узавтосаноат» АҚ және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, сондай-ақ «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС мен «UzAuto Motors» АҚ арасында автомобильдердің машина жиынтықтарын жеткізу туралы шартқа қол қойылды.
Келешекте автомобиль өнеркәсібінде:
2021 жылдың басынан бастап көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы жаңа келісімдерге көшу жолымен жергілікті қамту үлесін ұлғайту жұмыстарын жалғастыру;
қазақстандық автоөндірушілердің серіктестерімен өндірістік кооперацияны дамыту, оның ішінде автокомпоненттер өндірісі;
электромобильдер өндірісін игеруді жалғастыру көзделген.