дниеге кзарас ымы дниеге кзарасты тарихи формалары миф дін жне философия
Дүниетанымның тарихи формалары. Миф, дін және философия. Олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік).
Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).
Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.
Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
Философия – табиғат, қоғам және ойлаудың жалпы заңдылықтары туралы ғылым
Дүниеге көзқарас – бұл, әлемге деген тұтас көзқарас және оның осы әлемге қатынасы, сонымен қатар сол көзқарастарға негізделген сенім, сезімдер және адам өмірінің бағыт-бағдарын айқындайтын идеалдар, оның жүріс-тұрыстарының қағидалары және құндылықтары.
Идеалдар мазмұнында адам ұмтытылыстарының ең жоғарғы мақсаты ақиқат, ізгілік, сұлулық, әділеттілік болады. Идеал адамдардың бүткіл қарекетінде рухани бағдар қызметін атқарады, оған мағына бергізеді және мақсатқа ұмтылдырады.
Дүниеге көзқарастың үлгілері (типтері) әр түрге бөлінеді: егер әлемді тану құралдарының басымды жағынан шықсақ, онда бұл сезімділік-бейнелеу үлгілері (мысалы, діни және күнделікті-үйреншікті дүниеге көзқарастардың үлгілері);
— немесе ұғымдық – белгілер тұрғысында (дүниеге көзқарастардың философиялық немесе табиғижаратылыстық үлгілері);
— әлемде жалпы бағдарлану тұрғысында (алғашқы себеп: рух па немесе табиғат ба );
— дүниеге көзқарастың қолданатын әдіс-тәсәлі тұрғысынан, көзқарас «метафизикалық» немесе » диалектикалық » болады;
Мифологиялық көзқарастың негізгі сипаттары:
1. Антропоморфтылық, яғни табиғат құбылыстарын (мысалы, бұлттардың қозғалысын, жер сілкінулерді және т. б.) адаммен ұқсастырып қарастыру; оларға адамға тән қасиеттердің барлығын: түйсіктерді, келеңсіз факторларға деген реакцияны, тілектер, жеккөрушілік, қайғы-қасірет және т. б. таңды.
3. Объективтік және субъективті әлемдердің синкретикалығы (біртұтас, бөлінбейтін). Бұл мифологиялық көзқарастың барлық жағына тән.
Дүниеге көзқарастың келесі тарихи үлгісіне (типіне) күнделікті, эмпирикалық дүниетану жатады. Тіршілік тәжірибесі мен эмпирикалық білімдерден құрыла отырып күнделікті қарапайым көзқарас күнделікті қарекет қарекет тіршіліктеріне бағыт бағдар береді. Әрине күрделі мәселелерде тиянақты білімдерді, ойлау мәдениетін қажет етеді.
Дүниеге философиялық көзқарас мифология мен дінге қарағанда философия логикалық реттелген білімдердің жүйесі, өзінің жайлары мен принциптерін теориялық тұрғыда негіздеуге тырысады.
Философияның пәні, функциясы және негізгі мәселелері.
1. Дүниеге көзқарастық қызметі
2. Әлеуметтік қызметі
Философияның әлеуметтік қызметі, оның әрбір тарихи дәуірдегі қоғамдық өмірдің негізгі мәселелері мен қоғам дамуының болашағын ұғындырылуынан тұрады. Философия өрісінде қоғам өзінің өткенін және келешегін, өзінің бағасын және кемшілігін, жетістіктері мен жоғалтқандарын айқындап, өзін өзі ұққандай болады.
Сын қызметі. Әрбір қоғамдағы философиялық ойдың маңызды мақсаты, қазіргі бар әлеуметтік қоғамды сынға алу және талдау болып келеді. Философиялық сынның ерекшелігі ақиқаттағы бар жетіспеушіліктерді тек қана айқындаумен аяқталмайды олар негізгі соққыны адамдарға көрінбей олардың ақылдарының үстінен әмірлік ететін, жағдайды жақсарту үшін не істеу керек екендігін анықтауда ақиқатты өз тұрғысында көруге кедергі жасайтын әбден тамыр жайған догмаларға, ойлауға, «сана әдеттеріне», қарсы шығады.
Біркелкісіз әлеуметтік қоғамда әртүрлі ұйымдардың, бірлестіктердің және әлеуметтік топтардың ұмтылыстары өз-ара қайшылықтарға ұшырайды. Философия, өз заманының қоғамдық өмірін бейнелей отырып бұл фактілерді қарастырмай кете алмайды. Философиялық ілімдерде, қоғамның әр түрлі әлеуметтік қабаттарының үміттері ұмтылыстары, идеалдары ерекше орынға ие. Бұлар оны әртүрлі идеологиялардың күрес аренасына айналдырады.
Философиялық ілімдерде белгілі бір партияның және әлеуметтік топтардың, қоғамдық бірлестіктердің идеологиясы дамиды және дәлелденеді. Осыдан философияның идеологиялық қызметі көрінеді.
Философияның методологиялық функциясы адам қарекеттерінің барлық өрістерінде басшылыққа алып қолдануға болатын жалпы методологиялық білімді жасаумен байланысты.
* Жеке тұлға өмірінде, ол, мақсаттары мен жүрістұрыс тәсілдерін таңдауда, дүниеге көзқарас сенімдерінің жасайтын ықпалы арқылы көрінеді.
* Өнердегі философияның методологиялық қызметі, көркем сөз стильінің дамуына жасайтын әсерінен, суреткердің өмірге деген жалпы бағдарынан, өз шығармашылығының мәнін түсінуі арқылы көрінеді.
* К еңістік, уақыт, сапа, сан сияқты және т.б. философияның категориялары ғ ылымда маңызды методологиялық роль атқарады. Олар, бейне бір солар арқылы біздің әлемді түсінуімізде өзіндік қызмет атқаратын ерекше тор тектес.
Философияның пәні туралы мынадай жинақталған тұжырымдарды жасауға болады:
• Философия – бұл, ерекше рухани өріс, ғылым мен діннің арасындағы «орталық жер».
• Философия – бұл, әлемді ерекше сезу, әлемге ерекше қатынас, ерекше өмір салты.
• Философия – бұл, табиғат, қоғам және ойлаудың жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
• Философия – бұл барлық ғылымдарда қолданылатын танымның әдістері жайлы ілім.
Әрине бұл анықтамалардың әрқайсысы белгілі бір дәрежеде өзіндік шындықтың бір жақтарын қамтиды деп есептеуге болады.
Сонымен, философия, өзіне тән сапалы, ерекше біртұтас білімнің өрісін құрайды. Бірақ бұл бүтіндік философиялық білімдердің әр алуандылығын жоққа шығармайды, қайта ол күрделі құрылымды білімнің мына өрістерін қамтиды:
Философия және ғылым.
Ғылымдар білімдердің арнайы салаларына бөлінісімен олардың философиямен арақатынастарының шешілетін мәселелері қарама-қарсы тұрғыда көрінді. Бір жағынан, философияны барлық ғылымдардан жоғары тұрған, “ғылымдардың ғылымы” деп қарау жалғастырыла берілді, ал, философтар бүкіл әлем туралы барлық білімдерді қамтитын жүйелерді жасауға тырысты.
Философия және арнайы ғылымдардың байланысында философия жеке білімдерге сүйенеді және жалпылық тұрғыда қорытындылайды. Бұл білімдерді шоғырландыра отырып, ол, әлемнің әмбебап бейнесін жасайды. Философия өзі қарастыратын затына, құбылысқа, объектіге тұтас күйінде қарайды, оның барлық байланыстары мен қатынастарын, даму тарихын ескеруге тырысады. Философия ойлау негізінде диалектикаға, логикаға арқа сүйейді. Жеке ғылымдар философияны болмыспен байланыстырады. Енді бір жағынан нақты ғылымдардың алдынан тек қана философиялық тұрғыдан ғана жауап берілетін жалпытеориялық, философиялық сұрақтар туындайды.
Философиялық бiлiмдердiң ғылымнан гөрi айырмашылығын мына тұжырымдар арқылы көруге болады.
2. Философиялық бiлiмдерде дәлелдеуге келмейтiн, жоққа шығаруға да болмайтын идеялар бар. Ғылыми бiлiм мықты деректердiң негiзiнде орналасқан. Ғылымда тек қана тәжiрибелерде тексерiлген бiлiмдер ғана ақиқат болып саналады. Ал, адамдардың саналығының ақиқатқа деген қатынастарының алғашқы, ең ақырғы тiрегiне қатысы бар философиялық идеялар белгiлi бiр тәжiрибенiң жиынтықтарының негiзiнде дәлелдене немесе жоққа шығарыла алмайды. Мұның себебi бұл идеялардың «ең ақырғылыққа» тән болуында: «ең ақырғылық» дегеннiң өзi бiздiң тәжiрибемiздiң межесiнен тысқары, тәжiрибеде берiлмегендiгiн бiлдiредi, сол себептен қарастырылуы да мүмкiн емес.
1. Жүншеев, Р.Е. Философия [Мәтін]: Оқу құралы / Р.Е. Жүншеев, Ө.С. Төкенов, А.Ә. Ізтілеуов.- Алматы, 2007.
2. Тұрғынбаев, Ә.Х. Философия [Мәтін]: Оқу құралы / Ә.Х. Тұрғынбаев.- Алматы: Білім, 2001.
3. Кішібеков, Д. Философия [Мәтін]: Оқулық / Д. Кішібеков, Ұ. Сыдықов.- 10-шы бас.- Алматы: Қарасай, 2010.
Дүниеге көзқарас, оның құрылымы және негізгі үлгілері
Дүниеге көзқарас мынадай бөлімдерден тұрады:
Сенімділік. Бұл руханилықтың ішкі әлеуметтік — психологиялық бөліктері, ол арқылы дүниеге көзқарастық білімдер қабылданады немесе керісінше алынып тасталынады. Сенімділік — тек қана зерделіліктің тұрғысы емес, сонымен қатар ол әсершең күй-жағдай, берік психологиялық бағытталғандық, өзінің принциптерінің, идеяларының, көзқарастарының әділеттілігіне деген көзі жеткендік. Сондықтан сенімділік дүниеге көзқарастың құрылымындағы ең қажетті элементтерінің бірі болып табылады.
Құндылықтар. Бұл белгілі бір социумның, адамдардың қажеттіліктеріне, қызығушылығына негізделген айналамыздағы қоршаған әлемге деген болымды не жағымсыз қатынастар. Оларды адамдар өмір барысында ұғып алады. Өзінің мән мағанасымен құндылықтар білімдерден өзгеше. Білімдерге нақты шындыққа тырысу тән — олар объективті танымға ұмтылады, ал құндылықтар өздерінің қажеттіліктеріне, қызығушылығына сәйкес айналамыздағы қоршаған әлемге деген адамдардың ерекше қатынасы.
Идеалдар. Бұл ең ақырғы мақсатқа ұмтылдыратын ойдағы жетілгендік мөлшерлер үлгісі. Идеалдардың маңызды ерекшелігіне оның ақиқатты бейнелеудегі озықтылығы және ол өзімен өзіне де аксиологиялық қызметтерін атқаратындығы жатады. Дүниеге көзқарастық құндылықтар — бұл субъектінің барлық қарекеттерінің өрістеріндегі өмірлік бағдарын айқындайтын мәдениеттің және өмірдің ең жоғары құндылықтары.
Нанымдар. Бұл әлеуметтік ақпараттарды, өлшемдерді, құндылықтарды және қоғамдық өмірдің идеалдарын қабылдаудың тәсілі және түрі. Олар өзіндік тәжірибенің немесе өзінің танымдық тәжірибесінің нәтижесіне байланыссыз, көптеген онсыз да айқын фактілерді немесе шындықтың объективті сипаттарын қабылдай береді; өткен ұрпақтардың тәжірибесін игеру құралы; келешекке деген үміттері.
Тіршілік нормалары. Бұл тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыстағы құлықтардың қажетті шарттарының үлгілері, қызмет стандарттары, оларды орыңдау жеке адамдардың немесе адамдар тобының қарекеттерін қоғамдық талаптарға бағындырудың қажетті жағдайы болып табылады.
Сонымен қатар дүниеге көзқарастың бұл құрылымдық бөліктерінің астары екі деңгейге бөлінетіндігін ескеруіміз керек; біріншісі, Әлемді сезім арқылы білу (Әлемді сезіну, Әлемді қабылдау, Әлемді елестету, Әлеммен әсерлену); екінші денгей, Әлемді ұғымдар арқылы түсіну. Нақ осындай, дүниені ұғымдар арқылы түсінудің ерекше түрін философия ұсынады, Философия — дүниеге көзқарастың ең жоғарғы деңгейі және теориялық тұрғыда реттендіріліп, ұтымды — жүйеленген көзқарастың түрі.
Адамдардың дүниетануы екі түрлі жолдар (немесе деңгейде) арқылы қалыптасады. Ол жеке стихиялы түрде құрылуы мүмкін. Әркім жеке өзінің өмір тәжірибелерінің негізінде, сонымен қатар аңыздар мен ауыз-екі түсініктер және діни, немесе философиялық түсініктердің үзінділерінің негізінде өзі үшін белгілі бір көзқарасты қалыптастыра алады. Келесі жағынан кәсіпқой — идеологтар (шамандар, теологтар, философтар) осындай көзқарастарды жүйеге келтіріп адамдар арасына ендіруге тырысады. Жалпы дүниеге көзқарастың негізгі түрлеріне: мифологиялық, күнделікті (немесе үйреншікті), діни, көркемділік, табиғи жаратылыстық (натуралистік), философиялық көзқарастар жатады. Бұлардың бәрі дерлік адамзаттың рухани дамуында маңызды роль атқарды. Тарихи тұрғыда олардың негізгі үш түрін ерекше көрсетуге болады: мифологиялык, діни және философиялық.
Мифологиялық көзқарас — ертедегі қоғамның даму сатыларының алғашқы кезеңдерінде қалыптасты. Ол дүниенің, жануарлардың, адамдар тегінің пайда болуы, әлемнің жаратылысы, табиғат құбылыстарындағы апаттардың себептері туралы, қоршаған әлемде өз орнын айқындау жәйлі алғашқы түсініктердің, аңыз-әңгімелердің ең бірінші тарихи үлгісі.
Адамзаттың қарапайым тайпалары үшін айналасындағы аспан жұлдыздары, күн, тау мен өзендер, өсімдіктер және т.б. — жанды болып көрінді, олар да адам, не жануарлар сияқты өздеріне тән қызметін орындайды. Осылайша адамдар өзін қоршаған ортаны өзіне ыңғайластырып жаңа болмыс — мифтік болмысты орнатты. Бұл олардың алғашқы табиғат философиясы, әрине дөрекі, бірақ шындап оймен толықтырылған және анық түсінуге болады.
Ежелгі мифтер әртүрлі жағдайларды басқаратын рухтың бейне-бейнелерін суреттейді. Ішіңдегі ең құдіреттілері мен күштілері кейін адамдар сиынатын Құдайға айналады. Рух пен құдайлар адамдарға өте ұқсас, бірақ тек қана адам бейнесінде болу шарт емес. Уақыт өткен сайын мифтердің саны өсе түсті, олар азды-көпті біртұтас көзқарастарды құрайтын үлкен мифологиялық жүйеге және алғашқы пұтқа табынатын діңдерге қосыла бастады. Кейінгі монотеистік діндер сол мифтердің ауқымынан өсіп шығып және олардың көп жақтарын өздерінің бойына ендірді.
Діни көзқарас. Дүниеге көзқарастың тарихи екінші үлгісіне (типіне) дін жатады. Діни көзқарас ертедегі қоғам дамуының жоғарғы сатыларында құрылды. Дүниеге діни көзқарас мифология сияқты, ақиқатты фантастикалық түрде бейнелеумен қатар табиғаттан тыс күштердің бар екендігіне сендіруімен ерекшеленді. Жаратылыстан тыс күшке сену — діни дүниетанудың негізі. Мифте адам өзін табиғаттан бөлмейді, құдайлар табиғи «жер» әлемінде өмір сүреді, адамдармен қатынасады. Мифтік бейне өзінен-өзі анықталған, сол себептен сенімге мұқтаж болмайды. Діни сана әлемді екіге бөледі: бірі «жер» әлемі, сезім мүшелеріне ғана берілген, табиғи, енді бірі «аспан», табиғаттан тыс, ең сезімді әлем.
Ф.Энгельстің айтуынша «Дін дегеніміз — ең ертедегі замандарда адам баласының өз бастары мен өздерінің төңірегіндегі сыртқы табиғат жөніндегі сауатсыздық түсініктерінен туған». Дін ұғымы мейлінше аумақты, көп нәрселерді қамтитын кең ұғым. Жаратылыстан тыс бір кереметке сену (құдай, тәңірі), дүниеде болып жататын алуан түрлі құбылыстар арасында бір сиқырлы сыр бар деп, соған нану (магия, тотемизм), кейбір заттарда табиғатта жоқ қасиеттер бар деп түсініп оларды кие тұту.
АУЭС База
Рекламный блок
КІРІСПЕ. 3-4
Дүниеге көзқарас түрлері. 5-6
Дүниеге философиялық көзқарас. 7-12
Мәдени кеңістіктің мифологиялық уақыты. 13-24
ҚОРЫТЫНДЫ. 25-26
Әдебиеттер тізімі. 27
Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосатын білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып үйрену өте қажет.
Философиянын басты ерекшелігі – әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.
Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі оның дүниетаныммен байланысын, арақатынасын қарастырып көрелік
Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында,дүниеге өзңндңк қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануралар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ.
Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс – әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді.
Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерін ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың өзгере беретін жағдай.
Айтылмаш жағдай адамның әлемдегі алатын орнын, оның өмірінің түпкі мәнін, оның кім болатындығын, юолуы керектігін алдын ала шешілген, онсыз – ақ, онан бұрын –ақ аныұталған мәселе ретінде қарамайды. Керісінше оның барлығын адамның өзі шешуін, өзі анықтауын керек етеді. Яғни, адам әлемі үнемі белгілі бір дәрежеде шешіліп, не шешілмей жататын, бірақ толассыз оның алдында шешілуін, анықталуын күтіп тұрған жұмбақтай болып тұрады.
Дүниеге көзқарас түрлері
Дүниетанымның тарихи түрлері
Дүниеге философиялық көзқарас
Философиялық білімнің құрылымы
Мәдени кеңістіктің мифологиялық уақыты
. ешкі – сайтаңнан,
қой – оттан,
түйе – сордан,
жылқы – желден,
сиыр – судан.
Бөрі басы ұраным,
Бөрілі менің байрағым,
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым!
Философияның дін және мифологиялық байланысы
Философияның өзекті мәселесі (материалистердің көзқарасы)
1. Ж. Алтаев, Т.Ғабитов, А.Қасабек, Қ. Мұхамбеталиев, «Философия және мәдениеттану», Алматы 2004, 14 – 23 бб
2. Г.А.Кактаева, «Философия негіздері», Астана 2006, 6-20 бб
3. Ә.Х. Тұрғынбаев, «Философия», Алматы 2005,12-16 бб
Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары
Серік Мырзалы
ФИЛОСОФИЯ
Оқулық баспа
Философия тарихы
Болмыс ілімі (Онтология)
Эпистемология(Таным мәселелері)
Леуметтік философия
Жаhандану және тәуелсіз Қазақстан
Алматы,2008
ББК 87.21
Оқу құралына пікір жазғандар
Ғабитов Т.Х.-философия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық унивеситетінің профессоры
Cабит Мұрат- философия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Ұлттық
Педагогикалықунивеситетінің кафедра меңгерушісі,профессор
М91Мырзалы Серік. Философия.-Алматы: «Бастау»,2008.
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық унивеситетінің оқу-методикалық кеңестерінің шешімімен баспаға ұсынылды
ISBN 9965-814-7
Оқулықта философияның өзіндік санасы –тарихы талданған. Философияның негізгі тарауы болып саналатын «Болмыс» ұғымына талдау асалып, оны нақтылай түсетін басқа да категориялардың мазмұны, методологиялық мән-мағынасы қарастырылған. әлеуметтік философия мен таным мәселелеріне де көңіл бөлінген. Әр тараудың соңында оқырманның өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар, рефераттар тақырыптары берілген.
Студенттер мен аспиранттарға, жалпы философиямен әуестенетіндерге арналған.
ISBN 9965-814-7
Авторлық құқық заңмен қорғалған
All rights are reserved.
I тарау. Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл Дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса «Ұлы мәртебелі Табиғат» неге жаратты? Бұл Дүниені адам танып, түбіне жете алар ма екен? Мені жағалай қоршаған табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай әсем? Ертең-ақ бұл әсем Дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл Дүниеге уакытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде? деген осындай және мыңдаған басқа сұрақтар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой-өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады.
Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай коршаған табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тіліне байланысты болса керек.
Бірақ тереңірек қарасақ, әртүрлі халықтардың дүниеге қойған сұрақтары, ізденістерінің бір-біріне ұқсас жақтарын да көруге болады. Олар: Дүние қалай пайда болды? Кім адамды тудырды? Адам неге өледі? Адамдардың сөйлейтін тілдері неге әртүрлі? Аспан мен жер неге бір-бірінен бөлінген? т.с.с.
Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады?
Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар коғамдық сананың синкретикалықтүрі деп есептейді (synkretismos- грек сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағына береді).
Екінші ерекшелігі-мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны антропоморфизациялау,адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі. Мысалы, жерге нәр беретін аспаннан жауған нөсердің мифте Құдайлардың жыныс қатынасынан шығатыны жөніндегі қияли ойлары.
Үшіншіден, мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта, әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылыбейнеленеді.
Әлемдегі Құдайлар мен адамдардың қарым-қатынастарына арналған мифтердің де орны бөлек. Ертедегі халықтардың мифтерінде әрбір табиғат құбылысын тудыратын өз Құдайлары болды. Мысалы, үнді халқы өз мифологиясында 3000-нан аса Құдайлардың бейнесін жасады. Құдайлар грек мифологиясында да өте көп.
Келесі гректің Сизиф жөніндегі мифін алсақ, (Sisyphus—латын сөзі, адамның аты), онда оған берілген Құдайдың жазасы: үлкен тасты домалатып, таудың басына шығарып орнату керек. Бірақ ол тас таудың басында орнықпай төменге қарай домалап кетеді. Ал Сизиф болса тағы да төменге түсіп, оны жоғарыға итеруге тиіс. Бірақ XX ғасырда өмір сүрген француз ойшысы А.Камю, бұл гректің мифінен адамның Құдайдың өзіне парапарлығын байқаған. Күнбе-күн үлкен тасты таудың басына шығарып, қайта-қайта төменге домалаған тасқа бара жатқан шағында ол көкке көз жіберіп, Құдайдың әділетсіз жазасына қанша қиналса да, өзінің көнбегенін көрсетеді.
Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты, сонымен қоғамға дүниеге деген көзқарас, дүние сезімінің жаңа түрікелді. Дін де мифологияға ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар Дүниені фантастикалық бейнелеуімен ерекшеленеді.
Сонымен қатар бұл кұбылыстардың негізгі айырмашылықтары: мифте шынайы өмір мен қиял бір-бірімен араласып жатса, дінде «бұл Дүние» мен «о Дүние» бір-бірінен анағұрлым алшақ жатыр. Өйткені егер бұл Дүниедегінің бәрі де өтпелі, кемшілікті, өз-өзіне жеткіліксіз болатын болса, о Дүние – мәңгі, әсем, бақытты, жетілген т.с.с.
Дінде ең құдіретті жасампаз –Құдай-табиғаттан жоғары және бөлектұр. Оны ғылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де, адамның жан дүниесінде терең сенім сезімін туғызады.
Сенімнің екіншітүріне адамзаттың күнделікті тәжірибесінен, я болмаса ғылыми деректерден шықпайтын, тіпті оған қайшы келетін қиялдарға нандыру және соларды адамның өз-өзіне нандыруыжатады. Міне, осы соңғы сенімдік түрі қайсыбір діннің негізінқұрайды.
Діннің негізінде Құдайдың өз еркімен адамдарға пайғамбарлар арқылы берген белгілі бір тұжырымдары жатады. Олар адамдардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, ойлау өрісін анықтайтын абсолютті қағидалар (absolutus- латын сөзі, шектелмеген, сөзсіз).
Құдайдың құдіретті күшін мойындай отырып, қайсыбір дін берген өмір сүру нормаларын әрқашанда коғамдағы адамдардың толық орындамай, бұзып отыратынын көрсетеді. Діннің заңдарын бұзған адам күнәға батады, бірақ ол өзінің ізгі істерімен болашақта Құдайдың кешіріміне жете алады.
Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан ғылыми деректер жағалай ортадағы білім мен ақыл-ойдың негізіндегі жасалған күрделі өзгерістер діннің өрісін тарылтып, оның ғылымға жақын түрлерін тудырады. Негізінен, біз оларды пантеизм және деизм дейміз(pan-грек сөзі, бәрі, theos- құдай,deus- латын сөзі, құдай).
Пантеизмдегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Құдайретінде түсіну. Мұндай Құдайға деген көзқарастың шеңберінде «табиғатты жарату» мәселесі құр босқа қалып қояды.
Деизмдіалатын болсақ, онда Құдай мойындалғанмен, оның рөлі тек Дүниені өзінің құдіретті күші аркылы жаратумен танылады. Жаратылған Дүние әрі қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді.
Құдайдың құдіретті күшіне сенушілік ертелі-кеш соған табынуғаәкеліп соғады. Дінге табынушылықтың негізінде әртүрлі діни мекемелер мен ұйымдар пайда болады (шіркеу, мешіт, синагога және т.б.).
Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар.
Біріншіден, дін мифологиялық санаға қарағанда, адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, әсемдік, ізгілік және т.б. ұғымдардың пайда болуы).
Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, әсіресе қоғам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік және кездейсоқтык т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге деген өшпес іңкәрі. Бірақ олардың мәнін дұрыс түсіне алмағаннан кейін, адамдар табиғаттағы заңдылықтарды неше түрлі құдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамға керек бағытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.
Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қарағанда басымдылығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.
Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мәңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек деген ойын туғызды.
XX ғасырда бұрынғы Кеңес Одағының шеңберінде социалистік қоғам құру барысында жаңа ағарған діндіадамдардың жан дүниесіне кіргізу (марксизм-ленинизм)амалы, бұрынғы діндермен күресу, оларды қоғамның рухани өмірінен сырттату саясаты жүргізілді. Жалпы алғанда, марксизмді Батыс Европа ой жүйесінің логикалык соңы ретінде карауға болады. Бұл ілім бойынша адамзат болашақта жер-бетін, қоғам өмірін қайта өзгертіп, сол өзгерісті жасау барысында жаңа адам дүниеге келеді. Оған мемлекеттік басшылық, заңдар керек емес. Ол тек қана адамгершілік нормалардың шеңберінен шықпай өмір сүреді. Жаңа адам жан-жақты және ұйлесімді түрде өзінің дарындары мен қабілеттерін дамытып, өзіне керек барлық қажеттіктерін кедергісіз өтей алады.
Алайда мұндай «жердегі жұмақ» орнатуға бағышталған орасан зор ерлік және сонымен қатар қайғылы да аянышты әлеуметтік тәжірибе 70 жылдан кейін қоғамды тарихи тұйықтыкқа әкеліп тіреді. Коммунизмнен күдер үзген миллиондаған адамдар өздерінің өмірлерінің мән-мағынасын іздеу жолында бүгінгі таңда бұрынғы дүниежүзілік діндердің шеңберіне қайта оралды.
Алайда қазіргі адамзатты бірде-бір дүниежүзілік дін толығынан қанағаттандырмайды. Сондықтан, бір жағынан алғанда, қайшылықтарға толы цивилизацияға бүкіл адамзаттың басын біріктіретін бір ғана дін болуы қажет сияқты. XIX ғасырдың ортасында Иран топырағында пайда болған Бахаизм діні сол рөлді өз мойнына алып орындауға тырысуда.
Екінші жағынан, XX ғасырда болған екі дүниежүзілік соғыс, миллиондаған адамдардың қырылуы, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану жолындағы теріс салдарлар, тірі табиғаттың әлсіреуі көп адамдардың қайтадан көне табиғатқа табынатын діндерге жаңа дәрежеде қайтып оралғысы келетінін сездіртеді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, Дүниеге деген діни көзқарасқа қанағаттанбаушылык сонау көне заманның өзінде-ақ пайда болып, аса ұлы тұлғалардың дүние мен адам қарым-қатынасы жөніндегі ақыл-ойға негізделгенсұрақтар мен жауаптарының дүниеге келуіне себеп болды.
Осы тұрғыдан алғанда, «Философия — ақыл-оймен ұстап қалынған тарихи дәуір» деген Гегельдің берген анықгамасында терең сыр жатса керек.
Сонымен қатар философияны басқа жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен салыстырсақ, оның ерекшеліктерін де байқауға болады (һumаnus- латын сөзі, адамдық, адамгершілік).
Үшіншіден, философияда ғасырлар бойы жиналған сан алуан теоретикалық жүйеге келтірілген көзқарастарды кездестіруге болады. Бірақ, соған қарамастан, бұл ғылымның саласында үзілді-кесілді шешілген барлық философиялық қауымның бір ойынан шығатын бірде-бір тұжырымдамасы жоқ сыңайлы. Философия саласында қызмет еткен ірі тұлғаның өзіндік дүние сезімі, түсінігі, көзқарасықалыптасады. Сондықтан біз Платон, Спиноза т.с.с. ірі тұлғалардың философиясын ерекше түрде басқалардан бөліп алып зерттейміз.
Ал жеке ғылымдарды алатын болсақ, ондағы ашылған табиғат сырларын, жасалған теориялар мен тұжырымдамаларды сол саладағы ғалымдар мойындайды. Мысалы, физика саласында қазақ, американ ия болмаса араб физикасы жоқ, бұл ғылымның жетістіктері бүкіл адамзатқа ортақ, және өткен ғасырларда ашылған жаңалықтар мен жасалған теориялар үйлесімді түрде жаңа жасалған тұжырымдамалардың ажырамас бағынышты бөлігіне айналады, олар бір-біріне қарама-қайшы келмейді.
Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстырсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп ұқсас жақтарын ашуымызға болады.
Жоғарыдағы көрсеткендей, философия саласында қызмет еткен әр ірі тұлға осы ғылымның тарихында өзінің ерекше дүниетанымы, дүниетүсінігі, көзқарасымен ерекшеленіп, ешқашан бұрын-соңды қайталанбас орын алады. Сондықтан қанша ірі тұлға философияға атсалысса, соншалыкты философияның түрлері бар деп айтсақ, артық болмайды.
Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, онда өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық-сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрініп тұрады.
Философиядағы құндылықтар адамды жағалай қоршап шектелген, толымсыз болмыстан тиістілік әлемінеұмтылдырады. Қазақстанның белгілі ғалымы, профессор К. Абишев философияның ерекшелігін оның ұсынатын бағыты болуға қажетті, болуға лайықты, болуы мүмкін, тіпті болуы парыз нәрселерден көреді. Мұндай пікірмен толығымен келісуге болады. Өйткені адамның рухани өмірі сан алуан ойлар мен болжамдарға, күңгірт және әсем сезімдерге, жоспарлар мен үміттерге т.с.с. толы. Адам өзін қоршаған нақтылы болмыстың шеңберінен әрқашанда шығып кетіп, әлі өмірде жоқ, бірақ болуға тиісДүниеге жетуге тырысады. Сонымен құндылық әлемі оның өмірінің мақсат-мұраты мен мән-мазмұнына айналады. Бұл күрделі мәселелерді философияның аксиологиялықжағы деуге болар еді (аksios — құндылык, құндылықтар ілімі).
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біз философия пәнінің күрделі де, біріктіргіш білім, Дүниеге деген көзқарас екенін байқаймыз.
Сонымен жоғарыда айтылған ойлар, бір жағынан алғанда, философияның филологиялық, гуманитарлық жағын көрсетсе (рһileо — сүю; lоgоs — ілім), екінші жағынан, оның герменевтикалык (һеrmenеutіс- грек сөзі, түсіндіру, мән-мағынасын ашу) мәнін көрсетеді.
Қорытындылай келе, философиялық Дүниеге көзқарастың мәнін ашу жолында біз оның көпқырлы, көпсырлылығын байқадық. Бір жағынан алып қарағанда, философия ғылымменен ұштасып жатса, екінші жағынан, оның көркем өнермен, идеологиямен, гуманитарлық біліммен, күнбе-күнгі сана мен моральдық рухани құндылықтармен, тіпті мистикалық діни сезімдермен байланысты екенін байқадық.
Әрине, әрбір үлкен тарихи философиялық тұлғалардың шығармашылығында олардың алатын үлестері әртүрлі, біреулерінде ғылыми жағы басым болса, екіншілерде көркемөнерлік, үшіншілерде нақылдық-моральдық, төртіншілерде діндік-мистикалық жақтары басым болуы мүмкін.
Философия пәні
Философияның Дүниеге деген ерекше көзқарастық мәнін ашқаннан кейін, мәселені нақтылай түсіп, келесі сатыда оның пәнін анықтауымыз керек.
Философия пәніне деген мұндай көзқарасты сынға алу үшін, біз бұл ғылымның шығу тарихына көз жіберуіміз керек. Онда біз тарихи өндіргіш күштердің дамуы, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінудің негізінде алғашқы ғылыми түсініктердің пайда болып (жер өңдеу, оған су әкелу, геометриялық, математикалық түсініктерді, мал бағу, көшіп-қону, жұлдыздар мен планеталарға, айға қарап, олардың қозғалуы, жерге тигізетін әсерлері жөніндегі білімдердің негізінің пайда болуына әкелді), мифологиялық және діни көзқарастың бірте-бірте алшақтап, Дүниеге деген ақыл-ойға негізделгенбілімді тудырғанын атап өтуіміз керек. Негізінен алғанда, бұл алғашқы өмірге келген білімнің синкретикалық табиғатын атап көрсеткен жөн: ол әлі философия, ия болмаса физика, психология т.с.с. емес, оның ішінде барлық болашақ Дүниеге келген ғылымдардың ұрығыболса керек.
Көне грек топырағында бұл алғашқы білімге философия деген атақ беріліп, ол, шынында, сол кездегі барлық дүние зерттеудегі пайда болған ғылымның алғашқы деректері мен тұжырымдамаларын өз бойына сіңірді. Сонымен қатар философияның