7 атар рождество мерекесі
Рождество Христово мерекесі
Григориан күнтізбесін қолданатын католиктер мен протестанттар және де жаңа юлиан күнтізбесін ұстанатын әлемнің православ шіркеулері желтоқсанның 24-інен 25-іне қараған түні Рождество Христова мерекесін қарсы алады.
Ұлы Константиннің жеңісінен кейін Рим шіркеуі 25 желтоқсан күнін Рождество Христова мерекесі деп белгіледі. IV ғасырдың аяғында бүкіл христиан әлемі Рождество мерекесін дәл осы күні тойлайтын болды (тек шығыс шіркеулері ғана бұл мерекені 6 қаңтарда атап өтеді).
Қазіргі таңда да Православ Рождествосы католиктердің мерекесінен 13 күннен кейін тойланады. Католиктер Рождество мерекесін 25 желтоқсанда тойласа, православтықтар мерекені 7 қаңтарда атап өтеді.
Бұл күнтізбедегі түсініспеушіліктен туындады. Император Юлий Цезарьдың бұйрығымен енгізілген Юлиан күнтізбесі ақпан айына тағы бір тәулікті қосады. Көне рим күнтізбесіне қарағанда, ол әлдеқайда ыңғайлы. Әйтсе де, бұл күнтізбе анық болмай, «артық» тәуліктердің саны көбейе бастады. 128 жылдың әрқайсысына есептелмеген күндер қосылды. Бұл XVI ғасырда христиандықтардың ерекше мейрамдарының бірі Пасха мерзімінен бұрын тойланды. Сондықтан, Рим папасы Григорий XIII реформа қабылдап, юлиандық бағытты григориандыққа ауыстырды. Реформаның басты мақсаты астрономиялық жыл мен күнтізбе арасындағы үдемелі айырмашылықты түзету болатын.
1582 жылы Еуропада жаңа григориан күнтізбесі пайда болды. Ал Ресей болса, юлиан күнтізбесін қолдануды жалғастырды.
Ресейде григориан күнтізбесі 1918 жылы енгізілді. Алайда шіркеу бұл шешімді құптаған жоқ.
1923 жылы Константинополь Патриархының бастамасымен Православ шіркеулерінің жиналасы өтті. Жиналыста Юлиан күнтізбесін ауыстыру туралы шешім қабылданды. Орыс Православ шіркеуі тарихи жағдайларға байланысты жиналысқа қатыса алмады. Константинопольдағы жиналыс туралы хабардар болған Патриарх Тихон «Жаңа Юлиан» күнтізбесіне өту туралы қаулы шығарды. Бұл қаулыға дін жолында жүрген жандар наразылық білдірген соң, бір айдан кейін қаулы өз күшін жойды.
Грузия, Иерусалим және Сербия Православ шіркеулері, көне юлиан күнтізбесімен өмір сүретін афон монастрлері, шығыс католиктері (Украин Грек-католик шіркеуі) мен ресейлік протестанттардың бір бөлігі Орыс Православ шіркеуімен бірге қаңтар айының 6-сынан 7-сіне қараған түні Рождество мерекесін атап өтеді.
Суреттер ғаламтор беттерінен алынған
7 қаңтар – Рождество мерекесі. Бұл – православ сеніміндегі христиандардың басты мейрамдарының бірі болып саналады. Бұл күн Иисус Христостың дүниеге келу құрметіне орай аталып өтіледі. Православ жұртшылығы бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, құдайға құлшылық етеді.
Бүгін қаңтардың 6-шы жұлдызы. Демек, түнгі 12-ден кейін православ сеніміндегі жандар үшін Рождество мерекесі басталады. Теріскей өңірінің христиан жұртшылығы дәстүрлі жоралғыларды іске асыру мақсатында таңнан тұрып, қаладағы «Вознесения Господня» шіркеуіне жиналды. Олар шырақ жағып, құдайға құлшылық етіп, басқа да діни амалдарды орындады.
– Мен өзім 82 жастамын. Осы уақытқа дейін өмірімде бірталай келеңсіз жайттар орын алды. Бірақ, ол кездері мені құдай сақтап, маған көмектесті. Құдайға сеніп, ешкімге жамандық жасамау керек. Сонда адам шынымен де бақытты болады.
– Рождество – адамдардың жанына тыныштық сыйлайтын мереке. Бұл күні ерекше бақытты сезімге бөленіп, өзіңді басқаша сезінесің.
Бұл түнде Рождество алдындағы ауыз бекіту аяқталып, дәстүрлі тағамдарға толы мерекелік дастархан жайылады. Сондай-ақ, жанұя мүшелері бір-біріне сыйлықтар тарту етіп, жылы лебіздерін білдіреді. Мейрамда барлық тілектер орындалып, ғажайыптың болатынына солтүстікқазақстандық православтар нық сенімде.
– Шіркеудің іші мереке күндері әдемі кейіпке енеді. Мұнда келгенде ішкі дүниең тазарады. Мейрам қарсаңында барша жұртқа денсаулық, елімізге тыныштық тілегім келеді.
– Рождество – ғажайыптар болатын мереке. Мен барлық дұғаларымның қабыл болатынына сенімдімін.
Бұл күні алдыңғы жылдары тұрғындар шіркеуге барып, Сочельник мерекесін түнге дейін атап өтіп, Рождествоны қарсы алатын. Ал биыл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мұнда көп адамның жиналуына тыйым салынған.
Антоний Чуриков – «Вознесения Господня» шіркеуінің клиригі:
– Рождество мерекесі биыл жылдағыдан ерекше өтпек. Мұнда келген жандар арақашықтықты сақтап, міндетті түрде медициналық бетпердемен болулары керек. Сондай-ақ, діни амалдарды өткізуге арналған жабдықтар дезинфекцияланып отыратын болады.
Православ жұрты үшін мейрам қаңтардың 19-ы өтетін Крещение мерекесімен жалғасады.
Православ христиандары Рождество мерекесін атап өтіп жатыр
Қазақстанда қаңтардың 7-сіне қараған түні барлық шіркеуде құлшылық шаралары басталды. Православ христиандары таң бозарып атқаннан кешке дейін ас-судан бас тартады
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Бүгін әлемнің православ христиандары Рождество мейрамын атап өтеді. Қазақстанда бұл күн мемлекеттік мейрамдар тізіміне кіреді. Сол себепті ресми түрде демалыс беріледі.
Христиандар мейрамды қалай атап өтеді?
Рождество – барша христианға ортақ мереке. Алайда католиктер оны 25 желтоқсанда, ал православтардың басым бөлігі 7 қаңтарда тойлайды. Оның өзіндік себебі бар. Католиктер мен православтар екі бөлек күнтізбені қолданған. Содан мейрамның датасы алшақтап кеткен. Осы діни мейрам әлемнің 145 елінде аталып өтеді.
Бұл күні христиандар шіркеулер мен ғибадатханаларға барады, шоқынады, мерекені өзіндік сән-салтанатымен атап өтеді. Ал батыста оны көбінесе отбасы мерекесі ретінде тойлап жатады.
Қазақстанда қаңтардың 7-сіне қараған түні барлық шіркеуде құлшылық шаралары басталды. Православ христиандары таң бозарып атқаннан кешке дейін ас-судан бас тартады. Сондай-ақ, бір-біріне түрлі сыйлық жасайды, тәтті тағамдар таратады.
Рождество мерекесінің тарихы
Рождество – Иса пайғамбардың (Иисус Христос) туған күні. Інжіл бойынша бұл күні Вифлеем қалашығында «Құдайдың ұлы» Иисус Христос дүниеге келген.
Осыдан екі мың жыл бұрын қаңтардың 6-ынан 7-сіне қараған түні Иосиф пен Марияның отбасында Иисус есімді ұл дүниеге келеді. Сол түні Вифлеемде өмірге келген барлық нәресте Ирод патшаның бұйрығымен өлтірілді. Бірақ Иисус жарық дүние есігін ашты. Ол туған сәтте аспанда ерекше сәбидің дүниеге келгенін паш еткендей жарық бір жұлдыз пайда болады.
Сол себепті осы түні дінге сенушілер шіркеуге барып, дұғасын оқып, сол бір жарық жұлдыздың көрінуін күтеді.
Христиан шіркеуі Митра Рождество мерекесін 4-ғасырдың ортасында «Күн құдайы» сенімін ығыстыру үшін енгізді. Рим халқы алғашқылардың бірі болып Рождествоны тойлаған. Олар үшін бұл мейрам Жаңа жыл іспеттес болды.
Сиқырға толы бұл түнде барша христиан халқы бір-бірін құттықтап, жылы сөздері мен игі тілектерін аямайды.
Петр мен Павел әулиелердің құрметіне тұрғызылған Соборда Рождество мерекесіне дайындық ертеден басталды. Шіркеуге кіре беріске Иса пайғамбар дүниеге келген үңгір жабдықталды. Иса пайғамбар осыдан 2011 жыл бұрын осындай жерде өмірге келді деген аңыз бар. Рождество мерекесі де сол уақыттан тойланып келеді. Сәби туғанда төрткүл дүниенің дана-ақылгөйлері оған алтын әшекейлерін сыйға тартқан. Бұл дәстүр осы заманға дейін сақталған. Бүгінде петропавлдықтар бір-біріне өз сый-жоралғыларын жасауда.
протоиерей Сергий, әулие апостолдар Петр мен Павел Соборының басшысы:
– Бұл мерекеде міндетті түрде туған-туысқандарға, достарға қонаққа барып, мейман болу керек. Әсіресе, осы күні тұрмысы төмендерге ерекше назар аударып, сыйлықтар жасаған дұрыс.
Рождество мерекесіне дейін православиелік христиандар 40 күн ораза ұстады. Ал мереке қарсаңында барлық діндарлар құдайға құлшылық ету үшін храмға жиналған. Әдетте Рождество күні құдай үйіне аяқ басқандар тазалық пен пәктіктің белгісі – ақ жамылып келеді. Бұл күні иконалар да ақ гүлдермен көмкеріліп, қабырғаларға жас қарағай бұтақтары ілінеді.
протоиерей Сергий, әулие апостолдар Петр мен Павел Соборының басшысы:
– Бұл туралы бір аңыз бар. Иса пайғамбарға барлығы өз сыйлықтарын жасап жатқанда, жас қарағай ағашы шетте жалғызсырап тұрған. Өйткені оның сәбиге жасайтын сыйлығы болмапты. Сол кезде И са керісінше осы ерекше күні шыршаны әсемдеп, түрлі ойыншықтар ілеміз деген екен.
Сондай-ақ, мереке күндері жастар қызықты ойындар ұйымдастырып, үй-үйді аралап, ән салған. Алайда шіркеудегілер бал ашу – христиан дініне жат әрекет екенін айтады. Храмдардағы мерекелік құдайға құлшылық ету таң атқанша жалғасады. Ал ауыз бекіткендер кешкі алтыдан кейін, яғни аспанда алғашқы жұлдыз көрінісімен нәр тата алады.
Биыл Рождество мерекесі қалай атап өтіледі?
Бүгін түңгі 12-ден бастап діни жоралғылар басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».
7 қаңтар – православ сеніміндегі христиандар үшін қасиетті Рождество мерекесі. Пандемияға байланысты елордадағы діни ғибадатханаларда санитарлық талаптар сақталуы қажет. Яғни шіркеуде 30 процент сыйымдылықпен ғана құлшылық жасауға болады. Қаладағы шіркеулерде арнайы мониторингтік топ кезекшілік жұмыстарын жүргізеді.
Нұрдәулет Әлмаханов, Нұр-Сұлтан қаласының дін істер жөніндегі басқармасының басшысы:
– Діни мереке барысында Нұр-Сұлтан қаласының 3 храмында санитарлық нормалар сақталған. Бүгінгі кештен діни іс-шара біткенше мониторинг жасайды. Діни іс-шаралар барсында заң бұзушылық болған жағдайда департаментпен аудан әкімдіктерімен бірге түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Діни ғимаратқа кіргенде иконаларды сүюге тыйым салынады. Себебі санитарлық нормалар сақталу қажет.
Елордадағы шіркеулерде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін санитайзерлер мен арнайы белгілер орнатылған. Дін қызметшісінің айтуынша, «Православие в Астане» инстаграм парақшасында ғибадат ету рәсімі тікелей эфирде өтеді.
Архимандрит Сергий, дін қызметшісі:
– Елорданың шіркеулері Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы қазақстандық және Астаналық митрополит Александрдан барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды мүлтіксіз, қатаң сақтау туралы қатаң нұсқама алды. Құлшылық жасау барысында санитарлық талаптарды сақтауды өтінеміз.